Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде оқушылар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде оқушылар өз қиялымен Тәуелсіз елдің бейнесін, туған жерге деген сүйіспеншілікті, көк байрақты, бейбіт аспан мен жарқын болашақты сурет арқылы бейнеледі. Әрбір жұмыс – жас ұрпақтың елге, жерге деген шынайы ықыласы мен патриоттық сезімінің айқын көрінісі.
Бұл көрме оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, олардың бойына отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге бағытталды.



