«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
«№3 мектеп-гимназия» КММ
МЕНЮ
1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, еліміздің басты құжаты – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына арналды. Жиын барысында Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтық жауапкершілік, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызы туралы айтылды.
«Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам» қағидаттары – жас ұрпақты білімге, отансүйгіштікке, адалдыққа және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудің маңызды негізі.
Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше толқыныс пен қуанышқа толы болды. Балғын бүлдіршіндерге ұстаздар ақ тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылында биік белестерден көрінуіне тілектестік білдірді.
Жиын барысында ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, ал оқушыларға сапалы білім, жарқын жетістіктер және жаңа оқу жылында толағай табыс тілектер айтылды.
Жаңа оқу жылы білімге, ізденіске, жаңашылдыққа және үлкен жетістіктерге толы болсын!
Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз!
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!
Бүгін, 21 қыркүйек күні, мектебімізде 2–8 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының мектепішілік конкурсы өтті.
Конкурсқа 14 оқушы қатысып, өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Оқушылар өз ізденістерін, тың идеяларын және білімге деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Нәтижесінде үздік деп танылған 8 оқушының жұмысы қалалық кезеңге жолданды!
Қатысушы оқушыларға белсенділіктері мен ізденістері үшін алғыс айтамыз! Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік, толағай табыс және жеңіс тілейміз!
Ізденіс бар жерде – жаңалық бар!
Шығармашылық бар жерде – жетістік бар!
№3 мектеп-гимназиясында 6-11 оқушылары арасында «Мектептерде никотин мен темекіге жол жоқ» тақырыбында диктант жұмысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында никотин өнімдері мен темекінің адам денсаулығына зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.
Оқушылар тақырып бойынша диктант жазып, өз білімдерін пысықтады.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!
«Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» 2026–2027 оқу жылында Атырау облысы мектеп оқушылары арасында КІТАП ОҚУ САЙЫСЫН өткізеді! 
• қыркүйек–қазан
• қараша–желтоқсан
• қаңтар–ақпан
• наурыз–мамыр
4-орын – 50 000 тг
5-орын – 25 000 тг
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ






