Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің

«№3 мектеп-гимназия» КММ

МЕНЮ

Тәуелсіздік жылдары – біздің еліміздің ең үлкен жетістігі ғана емес, әр азаматтың болашағына жол ашқан үлкен мүмкіндік.
Менің кәсіби жолым – Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қалыптасқан жол. Бүгінде мен Атырау қаласы №3 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімі, әрі мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын. Бұл міндет тек білім беру емес, жас ұрпақтың жүрегіне ұлттық рух пен әлемдік өркениетке ашық болуды ұялату екенін жақсы түсінемін.
Менің басты миссиям – еліміздің сапалы, саналы ойлайтын, білімді азаматын қалыптастыру.
Себебі бүгінгі оқушы – ертеңгі Қазақстанның дамуы мен прогресін жалғастыратын тұлға. Оларды заманауи біліммен қаруландырып, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауапкершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу – менің ұстаздық парызым әрі Тәуелсіздік алдындағы борышым.
Тәуелсіздік бізге еркін ойлауды, жаңашылдықты, әлемдік білім кеңістігіне қадам басуға мүмкіндік берді. Сондықтан мен әр сабағымда оқушыларға тек тіл үйретіп қана қоймай, олардың шығармашылығын, сыни ойлау қабілетін дамытуды басты назарда ұстаймын.
Мен – Тәуелсіздік құрдасымын,
мен – Тәуелсіздік ұрпағымын,
және өз елімнің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқанымды зор мақтанышпен айтамын.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Еліміздің болашағы жарқын, ұрпақтары білімді болсын!

 
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ