Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ұлттың рухани қазынасы — Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында мектебімізде «Мұқағали оқулары – 2026» мектепішілік байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар ақынның өлеңдерін жүрекпен сезініп, көркем сөз шеберлігі мен сахналық мәдениетін көрсете білді. Әрбір қатысушы Мұқағали жырлары арқылы поэзияға деген сүйіспеншілігін, рухани тереңдігін паш етті. Байқау қорытындысы бойынша: І дәрежелі орын – 10-сынып оқушысы Сәлімгерей Фатима Жеңімпазымызды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Фатимаға алдағы шығармашылық жолында толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! Мұқағали жыры — мәңгілік, Мұқағали рухы — ұрпақпен бірге!



