Мектебіміздің 4-сынып оқушысы Муратова Медина
«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурсында
«Туризм және спорт» секциясы бойынша
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ 1-ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
Бұл — 3 мектеп-гимназиясы үшін зор мақтаныш,
білімге деген құштарлық пен табандылықтың,
ізденіс пен еңбектің жарқын нәтижесі.
Жас зерттеуші Медина білім бәйгесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп,
мектеп мерейін асқақтатты.
Алда да талай биік белестерді бағындырады деп сенеміз!
Бұл жеңіс — тек оқушының ғана емес,
оны байқауға дайындаған
жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі
Ташекенова Гулдана Ерсайновнаның
кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің жемісі.
Ұстаз еңбегі — шәкірт жетістігімен өлшенеді.
Еңбегіңізге шынайы алғысымызды білдіреміз
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ!
ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЕСЕЛЕНЕ БЕРСІН!



