«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде құндылықтарды кіріктіріп оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған бағыттағы аптаның негізгі құндылықтары – еңбекқорлық пен біліктілік.
Еңбекқорлық пен біліктілік құндылықтарын қалыптастыру – сапалы білім мен саналы тәрбие берудің маңызды бағыты. Осы мақсатта өткізілген сабақ барысында білім алушылардың жауапкершілігін арттыруға, жүйелі жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және кәсіби бағдарланған қабілеттерін шыңдауға басымдық берілді.
Сабақта оқушылар берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, өз білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Практикалық жұмыстар арқылы табандылық, ұқыптылық, уақытты тиімді пайдалану және нәтижеге бағытталған әрекет дағдылары қалыптастырылды.


