Көрсетілім барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық тәртіпті сақтау және өз әрекеттеріне есеп беру мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.


