14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын!
Бүгін – халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіреді.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз.
Дәстүріміз дәріптеліп, бірлігіміз нығая берсін!


