Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында еліміз бойынша «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі ұйымдастырылуда. Аталған челлендждің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу және домбыраның үнін кеңінен насихаттау.
Ұлттық өнерімізді дәріптеген бұл бастама жас ұрпақтың бойында елдік рухты қалыптастырып, мәдени мұрамызды болашаққа аманат етуге өз үлесін қосады. 
#біртұтас_тәрбие #atyrau_tarbie


