1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, еліміздің басты құжаты – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына арналды. Жиын барысында Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтық жауапкершілік, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызы туралы айтылды.
«Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам» қағидаттары – жас ұрпақты білімге, отансүйгіштікке, адалдыққа және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудің маңызды негізі.
Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше толқыныс пен қуанышқа толы болды. Балғын бүлдіршіндерге ұстаздар ақ тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылында биік белестерден көрінуіне тілектестік білдірді.
Жиын барысында ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, ал оқушыларға сапалы білім, жарқын жетістіктер және жаңа оқу жылында толағай табыс тілектер айтылды.
Жаңа оқу жылы білімге, ізденіске, жаңашылдыққа және үлкен жетістіктерге толы болсын!
Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз!
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!


