Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің

«№3 мектеп-гимназия» КММ

МЕНЮ
⚜️5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде «Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған мерекелік шараның басты мақсаты – Қазақстандағы тілдердің алуан түрлілігі мен мәдени құндылығын дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын оятып, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін танытатын өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, тілге қатысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, түрлі қызықты тапсырмалар мен сайыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар көптілділік пен халықтар арасындағы өзара құрмет, достық және ынтымақтастық құндылықтары кеңінен насихатталды.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмыстың айнасы. Әрбір тіл – белгілі бір халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңірген асыл мұра. Сондықтан ана тілімізді ардақтап, мемлекеттік тілді құрметтеу – баршамызға ортақ міндет.
Тіл мерекесі – татулық пен бірліктің, достық пен өзара құрметтің мерекесі!
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ