Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің

«№3 мектеп-гимназия» КММ

МЕНЮ
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында № 3 мектеп-гимназиясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлттың сүйенер діңгегі» атты интеллектуалдық ойын көрермен назарына ұсынылды.
Шараның басты мақсаты — оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топта жұмыс істеуге баулу.
Білім додасын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э. И. Гилажева жоғары деңгейде жүргізді. Интеллектуалдық сайысқа «Білгірлер», «Тапқырлар» және «Алғырлар» топтары қатысып, өзара тартысты әрі тартымды ойын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
• 1-орын: 7 «Г» сыныбы. Жетекшісі: Любина Т. Н.
• 2-орын: 7 «В» сыныбы. Жетекшісі: Әмірова Г. Б.
• 3-орын: 7 «Ж» сыныбы. Жетекшісі: Қуанышева А.Қ.
Өте тартысты әрі қызықты өткен тамаша ойын оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімге деген құштарлықтарын арттыра түсті. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ