Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің

«№3 мектеп-гимназия» КММ

МЕНЮ
 
Мектебіміздің директоры А.И. Унгаралиеваның ұйымдастыруымен білім беру ұйымындағы еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес реттеу, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлері Губайдуллин Мади Мухтарович пен Ермекқалиева Жаңыл Сергеевна, сондай-ақ Атырау облысы және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитетінің заңгері Ұзақбай Еділ Сәрсенғалиұлы қатысты.
Кездесу барысында мектептегі еңбек қатынастарын заң талаптарына сай ұйымдастыру, еңбек шарттарын рәсімдеу, қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын дұрыс реттеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Мамандар тарапынан еңбек заңнамасының талаптары бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар ұсынылды.
Осындай мазмұнды кездесулер еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастырып, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мектептегі еңбек қатынастарының ашық әрі тиімді ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.
Еңбек құқығын қорғау – сапалы еңбек ортасын қалыптастырудың маңызды кепілі!
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ