Тілдер апталығы аясында 5 «А», 5 «Б», 5 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «LINGO BATTLE» атты қызықты тілдік сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі білімдерін жетілдіру, сөздік қорын молайту, сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шапшаң ойлау мен тапқырлық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс барысында оқушылар түрлі танымдық, логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, сөздерді дұрыс қолдану, мағынасын ажырату, ойды жүйелі жеткізу және өз білімін жылдам әрі нақты көрсету бойынша бақ сынасты.
Әр кезең оқушылардың білімін ғана емес, тапқырлығын, есте сақтау қабілетін, тілдік сауаттылығын және командалық жұмыс дағдысын дамытуға бағытталды.
«LINGO BATTLE» оқушыларға тіл білімін жарыс форматында сынап көруге, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауға және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берген мазмұнды әрі көңілді тілдік дода болды. 
Тіл — білімнің кілті, ал тілдік сайыс — білімді шыңдаудың жарқын алаңы!


