Мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары арасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға денсаулықты күту, дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі.
Оқушыларға күнделікті тағам рационында көкөніс пен жемістерді, дәрумендерге бай пайдалы тағамдарды жеткілікті мөлшерде тұтынудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар фастфуд, газды сусындар, шамадан тыс тәтті және майлы тағамдарды жиі қолданудың ағзаға кері әсері туралы айтылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмір салтын таңдауға бағыт береді.


