Бүгін, 21 қыркүйек күні, мектебімізде 2–8 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының мектепішілік конкурсы өтті.
Конкурсқа 14 оқушы қатысып, өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Оқушылар өз ізденістерін, тың идеяларын және білімге деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Нәтижесінде үздік деп танылған 8 оқушының жұмысы қалалық кезеңге жолданды!
Қатысушы оқушыларға белсенділіктері мен ізденістері үшін алғыс айтамыз! Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік, толағай табыс және жеңіс тілейміз!
Ізденіс бар жерде – жаңалық бар!
Шығармашылық бар жерде – жетістік бар!


