«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
«№3 мектеп-гимназия» КММ
МЕНЮ
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай мектебімізде оқушылардың ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде оқушылардың шебер қолынан шыққан түрлі қолөнер туындылары – ұлттық нақыштағы бұйымдар, ою-өрнектермен безендірілген жұмыстар, сәндік-қолданбалы өнер үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір туындыдан халқымыздың бай мәдениеті мен ұлттық болмысы көрініс тапты.
Аталған көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру және халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеу.
Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында еліміз бойынша «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі ұйымдастырылуда. Аталған челлендждің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу және домбыраның үнін кеңінен насихаттау.
Ұлттық өнерімізді дәріптеген бұл бастама жас ұрпақтың бойында елдік рухты қалыптастырып, мәдени мұрамызды болашаққа аманат етуге өз үлесін қосады. 
#біртұтас_тәрбие #atyrau_tarbie
14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын!
Бүгін – халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіреді.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз.
Дәстүріміз дәріптеліп, бірлігіміз нығая берсін!
«Білім берудегі цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект: үздік педагогикалық тәжірибе» тақырыбында мектепішілік педагогикалық оқулар жоғары деңгейде өтті.
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ




