«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
«№3 мектеп-гимназия» КММ
МЕНЮ
Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразғалиева Ақмарал Демегенқызы 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – Ақмарал Демегенқызының білім беру саласындағы елеулі еңбегіне, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі кәсіби шеберлігіне берілген лайықты баға.
Сізді осы айтулы марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абырой-беделіңіз арта берсін. Ұстаздық жолыңызда толағай табыстарға жетіп, шығармашылық ізденістеріңіз жемісті болсын! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби биіктер және шығармашылық табыс тілейміз!
Марапатыңыз құтты болсын!
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл мереке 1967 жылдан бері әйгілі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай тойланып, балалар әдебиетін қолдауға, жас оқырмандарды кітап оқуға баулуға және олардың рухани дүниесін байытуға бағытталған. Бүгінгі күні мектебімізде "Мен таңдаған кітаптар" атты кітап көрмесі шығарылып оқырмандарға таныстырылды.
Атырау облысы Білім беру басқармасы «Заң және тәртіп» қағидаты аясында 2026 жылдың 31 наурызы күні №3 мектеп-гимназиясында 5-8сынып оқушылары арасында «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында қазақ тілінде бірыңғай диктант өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Атырау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық Қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Куспанов Ануар Растемович, Атырау ҚПБ ҚҚБ УПИ Ч. Абдиров, Атырау қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік аға полиция инспекторы полиция аға инспекторы Елбаева Меруерт Шаттыққызы жоғары сынып оқушыларына есірткі заттарының зияны, олардың заңсыз айналымының салдары және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүруіне байланысты талаптар айтылып, тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, көктемгі каникул кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы да айтылды.
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ





