Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің

«№3 мектеп-гимназия» КММ

МЕНЮ
⚜️Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА-ДАРЫНДЫ ҰСТАЗ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде "ЖАС ПЕДАГОГ" номинациясының жаратылыстану бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын алған биология пәні мұғалімі, жас маман Кенжегалиева Айзере Айболқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сізге шығармашылық табыс тілейміз!
Көрсетілім барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық тәртіпті сақтау және өз әрекеттеріне есеп беру мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
“Ана жүрегі – бала үні” атты мерекелік концерт ерекше әсерге толы болды. Бұл кештің бір ерекшелігі – ұстаздар өз балалары­мен бірге сахнаға шығып, ана туралы әсем әндерді орындады.
Ана мен бала арасындағы мейірім мен жылулық ән арқылы көрерменге жетіп, жүректерге ерекше сезім сыйлады. Осындай сәттер отбасының, ананың қадірін тағы да терең сезіндіреді.
Барша аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына береке тілейміз!
 
⚜️Жалпы білім беретін ұйымдардың 7-11 сынып оқушыларына арналған "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде:
Аллахвердиева Зерде "Жас қаламгер" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын, жетекшісі Таутенова Гульмира Жарасхановна;
Фрунзеев Сарварбек "Сөз шеберлері" номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын, жетекшісі Байсейітова Ақбидай Аманқосовна марапатталды.
Оқушыларымызды жеңістерімізбен құттықтаймыз!!!
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ