«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
«№3 мектеп-гимназия» КММ
МЕНЮ
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен жылулықтың мекені. Ал отбасымен бірге өткізген әрбір сәт – жүректе сақталатын ерекше естелік.
Челлендждің мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, бірге өткізген уақыттың маңызын көрсету.
Оқушылар өз отбасыларының бір күнін бейнероликтер арқылы бөлісіп, қызықты әрі әсерлі сәттерімен таныстырады.
Барша оқушыларды челленджге белсенді қатысып, отбасылық бақыт пен берекенің жарқын сәттерін бөлісуге шақырамыз!
Отбасы – бақыттың бастауы!
Отбасы – ең үлкен құндылығымыз!
2026 жылғы 11 қыркүйек күні мектебіміздің барлық сыныптарында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз құқықтарын білу және қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
Іс-шара барысында сынып жетекшілері оқушылармен зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық ережелері, жеке құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушыларға қиын немесе қауіпті жағдайға тап болған кезде сенімді ересектерден және тиісті мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары арасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға денсаулықты күту, дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі.
Оқушыларға күнделікті тағам рационында көкөніс пен жемістерді, дәрумендерге бай пайдалы тағамдарды жеткілікті мөлшерде тұтынудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар фастфуд, газды сусындар, шамадан тыс тәтті және майлы тағамдарды жиі қолданудың ағзаға кері әсері туралы айтылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмір салтын таңдауға бағыт береді.
Тілдер апталығы аясында 5 «А», 5 «Б», 5 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «LINGO BATTLE» атты қызықты тілдік сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі білімдерін жетілдіру, сөздік қорын молайту, сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шапшаң ойлау мен тапқырлық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс барысында оқушылар түрлі танымдық, логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, сөздерді дұрыс қолдану, мағынасын ажырату, ойды жүйелі жеткізу және өз білімін жылдам әрі нақты көрсету бойынша бақ сынасты.
Әр кезең оқушылардың білімін ғана емес, тапқырлығын, есте сақтау қабілетін, тілдік сауаттылығын және командалық жұмыс дағдысын дамытуға бағытталды.
«LINGO BATTLE» оқушыларға тіл білімін жарыс форматында сынап көруге, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауға және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берген мазмұнды әрі көңілді тілдік дода болды. 
Тіл — білімнің кілті, ал тілдік сайыс — білімді шыңдаудың жарқын алаңы!
© 2026 «Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ
Атырау қаласы білім бөлімінің «№3 мектеп-гимназия» КММ





